Жаңалықтар

Еліміздегі барлық коммуналдық кәсіпорын тексеріледі

Еліміздегі барлық коммуналдық кәсіпорын тексеріледі
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 07.08.2023 19:36 750

Ұлттық экономика министрлігі бүкіл ел бойынша коммуналдық кәсіпорындарды тексереді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тамыз айында ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті жергілікті атқарушы органдармен және қоғам белсенділерімен бірлесіп, 87 коммуналдық кәсіпорынды аралап (табиғи монополиялар субъектілері) жөндеу жұмыстарының барысын тексереді.

БАҚ өкілдерін, жергілікті тұрғындар мен еріктілерді алдағы баспасөз турларына белсенді қатысуға шақырамыз. Аймақтық департаменттердің байланыс нөмірлері кестеде көрсетілген, - деп хабарлады министрлік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға