Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде

Астанада «Ардагерлер кеңесі» РҚБ-ның орталық аппараты төралқасының отырысы өтті, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Жиында Мемлекет басшысының «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» идеологемасын іске асыру мәселелері талқыланып, жастарды тәрбиелеудің басым бағыттарына назар аударылды.
Осы саладағы негізгі стратегиялық құжат – Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы.
Айта кетейік, қоғамдағы ұлттық бірлік, этностар мен діни топтар арасындағы өзара түсіністік, жастарды есірткі, лудомания секілді түрлі жағымсыз әрекеттерден сақтауда ардагерлер иниституты үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ, елімізде аталған бағыт бойынша 167,6 мыңнан астам адамды қамти отырып, 1,1 мыңнан астам профилактикалық іс-шаралар өткізілді.
