Еліміздегі әрбір шаңырақ қазақ отбасының үлгісіне айналуы керек – президент

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
27.06.2024 12:07
650
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдерін марапаттау рәсімінде зорлық-зомбылыққа тосқауыл болатын арнайы заң туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жақында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тосқауыл болатын арнайы заң күшіне енді. Бұл – өте қажетті құжат. Бұл мәселе бойынша менің көзқарасым – баршаңызға айқын. Еліміздегі әрбір шаңырақ қазақ отбасының үлгісіне айналуы керек. Әрине, қабылданған заң барлық қатерді бірден жойып жібермейді. Бұл – ұзақ әрі күрделі үдеріс.
Заң жазалау үшін емес, ең алдымен, құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін маңызды. Оған бүкіл қоғам болып атсалысу қажет. Осы жолда ақпарат өкілдерінің рөлі ерекше, - деді ол.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Тұман, көктайғақ: 23 ақпанға арналған ауа райы болжамы