Жаңалықтар

Елімізде стенд атудан Азия чемпионаты өтеді

Сары құрлық бәсекесіне 20-дан астам елдің 300-ге жуық мергені жиналады
Елімізде стенд атудан Азия чемпионаты өтеді
Фото: kazsports.kz 26.07.2022 17:10 1822

28 шілде мен 8 тамыз аралығында Алматы облысында Александр Асанов атындағы клубында Халықаралық нысана көздеу федерациясының (ISSF) рейтингтік Гран-Приі мен стенд атудан X Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz

Сары құрлық бәсекесіне 20-дан астам елдің 300-ге жуық мергені жиналады. Бұл чемпионат елімізбен қатар өзге мемлекеттерде нысана көздеу спортын дамытуға, спортшылардың шеберлігін арттыруға және рейтингін анықтауға, жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған. Чемпионат кезінде спорт нысанында барлық санитария талабы қатаң сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға