Жаңалықтар

Елімізде қылмыстық әділ сотты жетілдіру жобасы іске асады

Еуропалық Одақ пробация қызметін жеңілдетуге қолдау білдірді
Елімізде қылмыстық әділ сотты жетілдіру жобасы іске асады
18.06.2018 10:45 4657

Еуропалық Одақ Қазақстан Республикасы IIM Қылмыстық-атқару Комитетіне EUCJ жобасы аясында техникалық жабдықтар сатып алуға қолдау көрсетті. Бұл бастама еліміздің қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру әрі пробация қызметінің материалдық-техникалық базасын жетілдіру мақсатында жүзеге асты. EUCJ – Еуропалық Одақтың «Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру жобасы». Жоба шеңберінде сатып алынған 261 стационарлық компьютер мен принтер құқық қорғау саласы мамандарының игілігіне берілді.

Қылмыстық-атқару Комитеті мамандарының пікірінше, жобаның нәтижелерін қамтамасыз ету және сақтау үшін жабдықтарды сатып алу EUCJ жобасының маңызды ерекшелігі болып табылады. Бұл ұзақ процесс ІІМ Қылмыстық атқару комитеті Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін жетілдірудің ұзақ мерзімдегі мақсаттарына толықтай жауап беретін тиісті жабдықты қажет ететіні анықталғаннан кейін ғана басталған.

Компьютерлік техниканың таныстырылымында қызыл лентаны кесу рәсімі ҚР IIM Қылмыстық-атқару Комитетінің генерал-майоры М.Аюбаев мен Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілі Йоханнес Стенбаек Мэдсен мырза жасады.

Генерал-майор М.Аюбаев жобаның бастапқы кезеңдерінде барлық стейкхолдерлер талқылауға қатысуға шақырлғанын айтты. Консультация нәтижелері, келіссөздер мен шешімдер Үйлестіру кеңесінің отырыстары барысында баяндалды. Жабдықтарды сатып алу ЕО сатып алу ережелері мен Қазақстан Республикасының қаржылық ережелеріне сәйкес жүргізілген.

Билл Мейзер, жобаның стратегиялық басшысы:

– Туған жерім Ұлыбританияда пробация қызметі 200 жылдан астам уақыт бойы бар және қазіргі таңда ол қылмыстық әділ сот жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Бұл қызмет адам қылмыстық сот ісінің айналасына кірген кезден басталып, оның қоғамда әлеуметтік оңалтуынан кейін аяқталады. Жобаның алғашқы күнінен бастап EUCJ ҚР ІІМ ҚА-дың пробация қызметін жетілдіру Комитетіне сараптау бойынша және техникалық жәрдем көрсетіп келді.  2016 жылдың желтоқсанында «Пробация туралы» заң шықты. Жабдық тек қана материалдық-техникалық базаны жетілдіру үшін емес, сонымен бірге пробация инспекторлары жаңа жабдықтың көмегімен бүкіл қазақстандық қоғамның игілігі үшін тиімді жұмыс жасауы үшін алынды.

Осы жоба аясында EUCJ ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының жанындағы пробация мамандарын даярлайтын болашақ Орталық пен ҚР Бас Прокуратурасы жанындағы құқық қорғау органдары Академиясы да техникалық жабдықпен қамтамассыз етілген.  

Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру жобасы» (EUCJ) «Қазақстан Республикасында сот реформасын қолдау» бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Жобаны Солтүстік Ирландия Ынтымақтастық Ұйымы (NI-CO) Ұлыбританияның Әділет министрлігі, Нидерландының пробация қызметі және Польша Республикасының Сот және мемлекеттік прокурорлық Ұлттық мектебі бірлесіп жүзеге асырған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға