Жаңалықтар

Елімізде ең жоғары зейнетақы 707 мың теңгеден асты

Жыл басынан бері салымшыларға 947,5 млрд теңге төленді
Елімізде ең жоғары зейнетақы 707 мың теңгеден асты
Фото: 24.kz 24.06.2022 17:06 1110

Қазақстанда зейнет жасына толуына байланысты ай сайынғы орташа төлем 29 360 теңге, ал ең жоғары төлем 707 мың теңгеден асты, деп хабарлайды El.kz БЖЗҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Кіріс ағындары, атап айтқанда, жарналар биыл көбейді. 2022 жылдың бес айында салымшылардың шоттарына шамамен 661,9 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарналары түсті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 29% немесе 147,2 млрд теңгеге көп. Өсім жарналардың барлық түрі бойынша болғанын атап өту керек. Жарналардың жалпы көлемінің 95,1% МЗЖ бойынша түсімдер құрайды», - деп мәлімдеді БЖЗҚ баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері салымшыларға 947,5 млрд теңге төленді. Оның басым бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу мақсатына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері құрады. 

«БЖЗҚ-дан кесте бойынша зейнет жасына толуына байланысты ай сайынғы орташа төлем 29 360 теңге, ал ай сайынғы ең жоғары төлем 707 326 теңге болды», - делінген хабарламада.




Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға