Елімізде алдағы үш күнде жаңбыр жауады
Синоптиктер 9-11 шілдедегі ауа райы болжамын жариялады
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз
08.07.2022 20:12
3030
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың барлық аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды El.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл, солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ауа температурасы күндіз батыста +30+38°С, оңтүстік-батыста + 30+41°с, солтүстік-батыста + 22+33°С, солтүстікте, орталықта +22+30°С, шығыста ауа температурасы + 17+25°С-тан +23+31°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +20+29°С-тан +23+32°С-қа дейін жоғарылауы болжанады, елдің оңтүстігінде ауа температурасы +27+35°С күтіледі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ұлттық банк өкілі валютаның қазіргі ахуалын түсіндірді