Елімізде «Сұңқар» табиғатты қорғау акциясы басталды
Жыл сайынғы табиғатты қорғау акциясы 15 қазанға дейін жалғасады
Бұл акцияның негізгі мақсаты ителгі құсының ұя салатын жерлеріне қоныс аударуы кезіндегі орын алатын браконьерлік фактілердің алдын алу, деп хабарлайды El.kz Экология министрлігіне сілтеме жасап.
Іс-шараларды «Охотзоопром» ӨБ» МКҚК инспекторлары, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелерімен және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізуде.
Аталмыш шара аясында «Охотзоопром» ӨБ МКҚК-ның 150 инспекторын, 60-қа жуық техниканы (40 жол талғамайтын көлік, 17 бірлік «КУНГ») жұмылдыру жоспарлануда. Сондай-ақ, ителгі шоғырланған жерлерде, көліктерді тексеру мақсатында бақылау пунктері орнатылады.
Жыл сайынғы табиғатты қорғау акциясы 15 қазанға дейін жалғасады.
Естеріңізге сала кетейік, жыртқыш құс Қазақстаннық Қызыл кітабына енгізілген.
