Елімізде «Базз Лайтер» анимациялық фильмі көрсетілмейді
Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлім етті
14.07.2022 16:00
1752
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Instagram парақшасында «Pixar» студиясының анимациялық фильмі туралы жазды, деп хабарлайды El.kz
«Instagram-да ата-аналар тарапынан шетелдік «Базз Лайтер» анимациялық фильміне қатысты сұрақтар түсіп жатыр. Баршаңызға жауапты осы пост арқылы беруді жөн көрдім. «Базз Лайтер» анимациялық фильмі Қазақстан кинотеатрларында көрсетілмейді. Шешім қабылданды», - деп жазды министр.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды