Елімізде жыл сайын көліктерде 2 мыңға жуық өрт тіркеледі

Жыл сайын орташа есеппен елімізде 2 мыңға жуық өрт болады, олардың ішінде көлік құралдарындағы өрт жиі тіркеледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тек 2023 жылдың 10 айында көліктерде 1 811 өрт орын алды. 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрттер саны 14%–ға азайды (2022ж. - 2 118).
Бұл өрттердің негізгі үлесі жеңіл көлікте, бұл 1 392 жағдай немесе көліктегі өрттердің жалпы санының 77%.
Көлік құралдарындағы өрттердің жалпы санының 15-20%-ын құрайды және соңғы жылдары ішінде тұрғын үй секторы объектілерінен кейін жиілігі бойынша тұрақты екінші орынды алады.
Көлік құралдарында өрттердің пайда болуының негізгі себептері:
- автокөлік құралының электр жабдығын орнату және пайдалану қағидаларын бұзу;
- қолдан жасалған газ жабдығын орнату;
- отын және электр жүйесінің істен шығуы;
- қозғалтқыштарды ашық от көздерімен жылыту;
- қасақана өртеу.
Көлік құралдарында өрттердің туындауының алдын алу олардың туындау себептерін болдырмауға бағытталуы тиіс. Автокөлік иелеріне өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды және қолында жарамды өрт сөндіргішті ұстауды ұсынамыз.
