Елімізде жол жабынының ақауларын автоматты түрде тану жүйесі қолданылады
Үкімет отырысында «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМК бас директоры Болатбек Айтбаев автомобиль жолдарының сапасын сараптау саласында цифрлық технологияларды енгізу жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол адами факторының әсерін азайту мақсатында кәсіпорын сапаны бақылау жұмыстарына цифрлық технологияларды дамытып, енгізіліп жатқанына тоқталды. Сондай шешімдердің бірі жол жабынындағы ақауларды автоматты түрде анықтау жүйесі, ол жасанды интеллект қағидаттарына негізделген. Бұл әр 100 шақырым үшін диагностикалық деректерді өңдеу уақытын 4 күннен 4 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
Кәсіпорын ведомстволық сараптама үшін бірыңғай электрондық портал әзірледі. Ол бизнес-процестердің ашықтығы мен бақылауын, құжаттарды қауіпсіз сақтауды қамтамасыз етеді. Портал қажетті құжаттар санын 15-тен 5-ке дейін қысқартуға, рәсімдеу уақытын 3 айдан 15 күнге дейін азайтуға және сараптамалар санын 5 есеге арттыруға мүмкіндік берді, – деп толықтырды Болатбек Айтбаев.