Жаңалықтар

Елімізде жерлеу ақысы автоматты түрде тағайындалады

Елімізде жерлеу ақысы автоматты түрде тағайындалады
Фото: © El.kz 31.07.2024 17:33 577

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, жерлеуге арналған республикалық бюджеттен біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енеді, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Портал арқылы келіп түскен біржолғы төлемді тағайындау туралы электрондық өтініштер азаматтардың қабылдауға жазылу туралы өтініштерін электронды тіркеу журналына автоматты түрде тіркеледі.

Құжат 14 тамызға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында қаралады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға