Жаңалықтар

Елімізде жемқорлардың тізімі жариялануы мүмкін

Елімізде жемқорлардың тізімі жариялануы мүмкін
Фото: ©El.kz/Нұркен Алишев 15.01.2025 15:18 136

Елімізде жемқорлыққа қатысты жаңа заң қабылданса, жемқорлардың тізімі жарияланады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Профилактикалық құрал қызметін атқаратын жемқорлардың мемлекеттік тізілімі енгізіледі. Оның негізгі мақсаты – қоғамдық мін тағумен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру.

Тізілімде ауыр немесе аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін сотталғандар туралы мәліметтер болады. Олар оған соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі негізінде енгізіледі. Ал ақтау үкімінің заңды күшіне енуі және соттылығының жойылуы негізінде алынып тасталады, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға