Жаңалықтар

Елімізде жеке меншікке өтіп кеткен университеттер тексеріледі

Елімізде жеке меншікке өтіп кеткен университеттер тексеріледі
Фото: t.me/KZgovernment 17.07.2023 09:34 881

Премьер-министр Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, БҚДА, ҚМА және басқа да ведомстволар басшыларының қатысуымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қатысушылар жоғары білім саласындағы бұрын жеке меншікке өткен кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін талқылады.

Премьер-министр құзырлы мемлекеттік органдарға тиісті құжаттар мен шарттарды тексеріп, олардың заңдылығына құқықтық баға беруді тапсырды.

Бұл ретте Әлихан Смайылов аталған оқу орындарындағы оқу процесінің толық тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігіне тоқталды, өйткені басталған тексеру студенттерге де, университет қызметкерлеріне де қатысты емес.

Кеңесте Қарағанды облысының 30-ға жуық елді мекенін электр қуатымен қамтамасыз етіп отырған жекеменшік энергетикалық компанияның жұмысы да қаралды.

Кәсіпорын меншігіндегі электр желілерінің әбден тозығы жеткені атап өтілді. Осы ретте жөндеу жұмыстары жүргізілмейді әрі апаттық бригадалар тапшы. Жалпы тексеру барысында анықталған бұзушылықтар жойылмаған. Осыған байланысты жергілікті тұрғындар электр қуатының жиі себепсіз өшіп қалуына, электр қуатының тапшылығына, кері байланыстың толық болмауына және тағы басқа мәселелер бойынша шағымдар айтуда.

Әлихан Смайылов кәсіпорынға қатысты жиналған материалдарды талдау және қалыптасқан жағдайға құқықтық баға беру үшін Бас прокуратураға беруді тапсырды.

Сондай-ақ кеңес барысында теміржол көлігі саласында да бірқатар монополияға қарсы шараларды жүзеге асыру мәселесі қаралды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға