Жаңалықтар

Елімізде жария кадастрлық карта жүйесі енгізіледі

Елімізде жария кадастрлық карта жүйесі енгізіледі
Фото: © Pixabay.com 11.05.2023 17:05 2537

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің «Жария кадастрлық картаны жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жария кадастрлық карта – Қазақстан Республикасының жер, құқықтық, қала құрылысы кадастрларынан алынған мәліметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың және ұйымдардың өзге де мәліметтерін қамтитын цифрлық карта, - делінген бұйрық жобасында.

Аталмыш карта шектеусіз жеке және заңды тұлғалар пайдалануына арналған және қызметтер жиынтығы арқылы жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінен кеңістіктік деректерді беру кезінде деректерді сүзгілеуді жүзеге асырады.

Жеке кабинетке idp.egov.kz порталы арқылы кіруге болады.

Өтініш беруші жеке кабинетінде мынадай мәліметтерге қол жеткізеді:

  • жер - кадастрлық жұмыстар бойынша коммерциялық қызметтер көрсетуге өтініштерді ресімдеу;
  • негізгі және қайталама жылжымайтын мүлікке (жеке тұлғалар үшін) салық салу мақсатында мүліктің құнын есептеуге өтінімді ресімдеу;
  • карта бойынша коммерциялық қызметтерді көрсету нәтижесін алу және қарау;
  • елді мекендердің шекараларында (соның ішінде жобаланатын) базалық мөлшерлемелер мен елді мекеннің белгіленген шекаралары болған кезде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын автоматты түрде анықтау;
  • электрондық түбіртекті сақтай отырып, ЖКЖ бойынша коммерциялық қызметтерді көрсету үшін онлайн төлем;
  • іріктеу критерийлері бойынша ЖКК-да қамтылған ақпаратты іздеу;

Қызмет көрсету рәсімі веб-сервистер технологиясын – әртүрлі бағдарламалық кешендерді тиімді интеграциялауға, жалпыға бірдей танылған тәсілді пайдалана отырып, жария кадастрлық карта мен жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ішкі жүйесі арасында ақпараттық алмасу арқылы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ цифрлық картадан аймақты таңдап, жер учаскесін алуға кезекте тұрғандардың тізімін көруге болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға