Елімізде жаңа мереке пайда болуы мүмкін
![Елімізде жаңа мереке пайда болуы мүмкін Елімізде жаңа мереке пайда болуы мүмкін](/storage/storage/element/2023/06/25/mainphoto/56664/1200xauto_WJ3HAOPP9FKcoM4NJaWW5G3lnqDNgJembJorWQJD.jpg)
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
25.06.2023 21:18
799
Қазақстанда Азаматтық авиация күні бекітілуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ҚР ИИДМ «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы жобаны ұсынды.
Аталған жобаға сәйкес Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында «Мерекелік күндердің тізбесіне жаңа атаулы күн – «1 ақпан - Қазақстан Республикасының азаматтық авиация» күні қосылады, - деп жазылған.
Құжат 11 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
2023 жылғы Айт намазының кестесі жарияланды