Жаңалықтар

Елімізде жаңа көлік сатып алушылар саны екі есе көбейді

Елімізде жаңа көлік сатып алушылар саны екі есе көбейді
Фото: El.kz 15.03.2023 14:04 1375

2023 жылдың ақпан айында Қазақстанда жаңа көліктердің сатылымы өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 69% өсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қазақстан автобизнес қауымдастығына сілтеме жасап. 

Ұйымның мәліметінше, биыл ақпан айында ресми дилерлер 12,4 мың жеңіл және жеңіл коммерциялық көлік, сондай-ақ 710 жүк көлігі мен автобустарды (2022 жылдың ақпанымен салыстырғанда +69,1%) сатқан.

Жыл басынан бері 23,5 мың дана сатылды, бұл 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда екі есе көп.

Chevrolet ақпан айында да көш басында – 3,6 мың бірлік (2022 жылдың ақпанымен салыстырғанда + 329%). Hyundai дилерлері 3,4 мың көлік сатқан (+55,4%), Kia 1,8 мың бірлік (+122,7%) нәтижемен үшінші орында. RAV4 моделі оралғаннан кейін Toyota көшбасшылар санатына қайта қосылды – 873 бірлік (-8,5%). 667 көлік сатқан Chery бесінші орында. Одан кейін: Exeed – 370 бірлік, Haval (352 бірлік; +147,9%), Jac (322 бірлік; +114,7%), Changan (247 бірлік) және Lexus (237 бірлік; +41,9%) .

Модельдер бойынша ақпанда Chevrolet Cobalt 2,6 мың бірлік нәтижемен бірінші орында, Hyundai Tucson екінші орында – 1,3 мың бірлік, Chevrolet Nexia үздік үштікті (710 бірлік) жапты. Одан кейін: Hyundai Elantra (580 бірлік), Kia Sorento (553 бірлік), Kia Sportage (531 бірлік), Hyundai Santa Fe (520 бірлік), Hyundai Accent (452 ​​бірлік), Kia Ceed (303 бірлік) және Hyundai Sonata (292 бірлік).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға