Жаңалықтар

Елімізде жаңа ипотекалық бағдарламаның шарттары жарияланды

Ипотеканың ең ұзақ мерзімі - 10 жыл
Елімізде жаңа ипотекалық бағдарламаның шарттары жарияланды
Фото: pixabay 02.11.2022 01:36 1696

Елімізде таяуда іске қосылуы мүмкін жаңа ипотекалық бағдарламаның шарттары ұсынылды, деп хабарлайды El.kz.

Оның ережелері ашық талқыға шығарылған Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігінің бұйрығында көрсетілген.

Ұсынылып отырған ипотекалық бағдарламаның жылдық мөлшерлемесі 11,5 пайыз көлемінде бекітілмек. Аталған бағдарлама арқылы баспана алатын азамат 20 пайыз алғашқы жарна төлеуі тиіс.

«Астана және Алматы қалаларында тұрғын үй сатып алу кезінде субсидиялауға жататын ипотекалық тұрғын үй қарызының ең жоғары сомасы - 35 млн теңгеге дейін бекітіледі. Ал Ақтау, Атырау және Шымкент қалаларында - 25 млн, Қарағанды қаласында - 20 млн және басқа өңірлерде -15 млн теңгеге дейін қаражат ұсынылады», - делінген бұйрықта.

Қаржы орталық мемлекеттік органдарда тіркелген, лицензиясы бар екінші деңгейлі банктер арқылы беріледі. Ипотеканың ең ұзақ мерзімі - 10 жыл.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға