Елімізде жалға берілетін пәтер бағасы қымбаттады

Ұлттық статистика бюросы ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2023 жылғы маусымда Қазақстанда қайталама нарықтағы пәтер бағасы 2022 жылғы маусыммен салыстырғанда 1,9%-ға, ал жаңа тұрғын үйлерді сату 5%-ға өсті.
Жаңа үйлердегі пәтерлер Павлодарда (+18,1%), Ақтауда (+18%) және Семейде (+16%), қайталама нарықта – Семейде (+29,9%), Ақтөбеде (+22,4%) өсті.
Жалға берілетін тұрғын үйге келетін болсақ, бір жыл ішінде оның бағасы Көкшетауда (+45,5%), Петропавлда (+41,5%), Ақтауда (+41,1%) және Алматыда (+38,8%) өскен.
Оқи отырыңыз:
- Әли Оқапов анасы Роза Рымбаеваға жаңа көлік сыйлады
- Қазақстанда букмекерлік кеңселер саны екі есеге азайды
Маусым айында республика бойынша тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 29 880 мәміле тіркелді, оның ішінде 21 993 пәтер және 7 887 жеке тұрғын үй. Мамыр айымен салыстырғанда транзакциялар саны 16,8%-ға өсті, олардың басым бөлігі Алматы мен Астанада тіркелді. Қазақстанда көбіне екі бөлмелі пәтерлер жиі сатылады. Жалпы, жыл ішінде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 3,7%-ға қысқарды.
