Елімізде зергерлік бұйымдар мен алтын неке сақинасының бағасы өсті

Қазақстанда зергерлік бұйымдар бағасы 4,9% өсті. Мұндай мәліметті Ұлттық статитика бюросы ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Статистикалық дерекке сүйенсек, қаңтар айында елімізде жылдық мәнде зергерлік бұйымдар мен сағат 4,3% қымбаттады. Оның ішінде алтын неке сақиналарының бағасы бір жылда 2,9%, ал қол сағаттікі 10,1% өскен.
Бұл ретте елімізде бағалы зергерлік бұйымдар өндірісі азайды. 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында зергерлік және сол тектес бұйымдарды өндіру көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,8% төмендеген.
Осылайша былтыр 12 айда қазақстандық компаниялар 1,2 млрд теңгенің зергерлік және соған ұқсас бұйымын өндірген (2022 жылғы қаңтар-желтоқсан – 1,4 млрд теңге).
Оқи отырыңыз:
