Елімізде үш облыста жабылған жолдар ашылды

«ҚазАвтоЖол» үш облыста жолдар ашылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе облысы «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» автожолының 526-702 шақырым аралығындағы учаскесінде (Маржанбұлақ ауылынан БҚО шекарасына дейін)
Батыс Қазақстан облысы «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» автожолының 394-526 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін)
Қарағанды облысы бойынша:
«Қарағанды-Аягөз-Боғаз» автожолының 20-217 шақырымы (Қарағанды қаласынан Қарқаралы қаласына дейін)
«Теміртау-Ақтау-Бастау» автожолының 0-53 шақырымы (Теміртау қаласынан Бастау ауылына дейін)
«Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» автожолының 231-324 шақырымы (Павлодар облысы шекарасынан Ботақара ауылына дейін);
«Екатеринбург-Алматы» автожолының 1426-1457 шақырымы, (Теміртау төлемақы алу пунктінен Қарағанды қаласына дейін).
