Жаңалықтар

Елімізде туристер арасында ең танымал қалалар анықталды

Елімізде туристер арасында ең танымал қалалар анықталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 27.04.2023 19:53 639

Қызмет көрсетілген туристер саны бойынша Алматы, Астана және Шымкент қалалары көш бастап тұр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, 2022 жылы Қазақстанда орналастыру орындарының қызметтерін пайдаланған туристердің жалпы саны 7,3 млн адамға жетті. Бұл санның 45%-дан астамы үш мегаполиске тиесілі. Тек ішкі туристердің жалпы саны 8,6 млн адамды құрады.

Мәселен, Алматыда бұл көрсеткіш 1,8 млн адамға (417,4 мың – шетелдік туристер), Астанада – 1,2 млн-ға жуық адамға (238,5 мың шетелдік) жетті, ал Шымкентке 450 мыңға жуық демалушы (36,5 мың шетелдік) келген, - делінген министрлік таратқан мәліметте.

Ішкі және сырттан кірген туристер ең аз аялдаған өңірлердің қатарында Ұлытау облысы бар. Мұнда 25 мыңнан астам адам тоқтаған. Бұдан кейін Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстары тұр. Аталған екі өңірдегі орналастыру қызметтерін 100 мың адам пайдаланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға