Жаңалықтар

Елімізде тұрғын үй бағасы тағы өсті

Елімізде тұрғын үй бағасы тағы өсті
Фото: Pixabay.com 15.04.2023 19:30 9147

Елімізде тұрғын үй бағасы мен пәтер жалдау құны өсті. Сондай-ақ пәтер сатып алу, сату саны азайды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Былтырғы жылмен салыстырғанда ескі пәтерлер 7,3 %-ға, жаңа пәтерлер 9,3 %-ға қымбаттаған. Жаңа пәтерлер ең қатты қымбаттаған өңір – Ақтөбе қаласы. Мұнда баға 25,4%-ға өскен. Екінші орында Ақтау қаласы (24,3 %). Ескі пәтерлер қымбаттауы бойынша бестікте Қызылорда қаласы 37,8 %, Ақтау қаласы 32,6%, Семей қаласы 29,2 %, Өскемен қаласы 24,7% бар. 

Елімізде тұрғын үй бағасы тағы өсті

Жалға берілетін пәтерлердің бағасы да жыл басынан бері өскен. Қымбатшылық Ақтау қаласында 51,1 %, Семей қаласында 48%, Қостанай қаласында 45,4%, Өскемен қаласында 45 %-ды көрсетті. 

Наурыз айында да тұрғын үй бағасы өсуі байқалды. Мәселен, осы айда өткен аймен салыстырғанда жаңа пәтерлер 1,2%-ке қымбаттады. Сондай-ақ пәтерді жалға алу құны өткен айдан бері өскен жоқ. 

Айта кететін жайт, қазақстандықтар пәтерді сирек сатып алып, сататын болған. Биылғы жылдың наурыз айында сатып алу және сату бойынша 24 273 келісімшарт жасалған. Бұл былтырғы жылғы наурыз айымен салыстырғанда, 2 есеге аз. 

Айта кетейік, өткен жылы наурыз айында қазақстандықтар зейнетақы төлемдеріне көптеп пәтер сатып алған еді. 

Жылжымайтын мүлік сатып алу, сату саны азаюы еліміздің барлық өңірінде байқалады. Мәселен, Ақтөбеде пәтер сатып алу саны бойынша 2020 жылғы коронавирус кезіндегі рекордтық көрсеткішке дейін төмендеген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға