Жаңалықтар

Елімізде тозып кеткен футбол алаңдары жаңартылмақ

Елімізде тозып кеткен футбол алаңдары жаңартылмақ
Фото: Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі 31.07.2023 19:00 1044

Бұқаралық спортты дамытуға бағытталған Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан футбол федерациясы елімізде футбол алаңдарын қайта жаңарту бағдарламасын енгізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үш жылға арналған бағдарлама УЕФА-ның қолдауымен жүзеге асырылады. Сондай-ақ жоба аясында жеке инвестицияларды тарту жоспарланып отыр.

Жобаның басты мақсаты – футбол инфрақұрылымын дамытып, бұқаралық футболды дамытуға жағдай жасау.

Биыл бағдарлама аясында Ақтау, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалалары және Жетісу облысындағы стадиондарының алаңдары жаңартылады. 

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев және «SD Family» клубының басшысы Дидар Сыдықбек жобаның бренд-амбассадорлары болады.

2023 жылы реновация бағдарламасына кіретін футбол алаңдары:

1. ЦСКА стадионы, Алматы қаласы
2. Б.Оңғаров атындағы стадион, Жетісу облысы, Балпық би ауылы
3. «Цементник», Шымкент қаласы
4. №2 БЖСМ, Ақтөбе қаласы
5. «Каспий» СК, Ақтау қаласы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға