Елімізде теңіз қауіпсіздігі мен құтқару перспективалары талқыланды

Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығында вице-министр Батырбек Әбдішев «ENTA INTERNATIONAL UK LTD» компаниясының өкілі Узи Сезермен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында теңіз операциялары саласындағы «Теңіз жасағы» акционерлік қоғамын одан әрі дамыту мәселелері қаралды. Теңіздегі іздестіру-құтқару жұмыстары (SAR), экологиялық операциялар, техникалық флот және кеме инспекциялары сияқты бағыттардағы ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.
Қазіргі заманғы сын-қатерлер мен халықаралық стандарттарды ескере отырып, теңіз бөлімшелерінің әлеуетін дамыту маңызды. «Теңіз жасағы» төтенше жағдайларға да, қоршаған ортаны қорғау міндеттеріне де тиімді ден қоюға дайын болуы тиіс. Біз осы салада тәжірибесі мен озық технологиялары бар халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіміз, - деп вице-министр атап өтті.
