Елімізде темекі мен ішімдік сатып ала алмайтын банк картасы пайда болады

Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com
23.01.2025 15:40
492
Елімізде енді темекі мен алкоголь сатып алуға шектеуі бар банк карталары пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Заман-Банк» Ислам банкі» АҚ 2025 жылдың екінші жартысында жеке және заңды тұлғаларға арналған өнімдер қатарын кеңейтуді жоспарлап отыр. Жаңа өнімдердің бірі – шариғат қағидалары мен талаптарына сай төлем картасын енгізу. Банк баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа төлем картасы белгілі бір санаттар бойынша төлемдерді шектемек.
Атап айтқанда, бұл карта арқылы темекі және алкоголь өнімдерін сататын дүкендерде, казиноларда, букмекерлік кеңселерде, сондай-ақ бейнеойындарға төлемдер жасау шектелетін болады, - делінген мәліметте.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қарағанды облысында жолда 19 көлік соқтығысты
Келесі жаңалық
Тұман, көктайғақ: 23 ақпанға арналған ауа райы болжамы