Жаңалықтар

Елімізде телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады

Елімізде телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады
Фото: pixabay.com 29.04.2025 17:07 139

Қазақстанда 30 сәуірде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілетіндіктен, телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Қазтелерадио" АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

30 сәуірде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады", - делінген хабарламада.

Компания өкіледрі уақытша қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға