Жаңалықтар

Елімізде теледидар мен радио жұмысы тоқтайды

Елімізде теледидар мен радио жұмысы тоқтайды
Фото: Pixabay.com 17.04.2023 18:43 948

Қазақстанда телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазтелерадио» АҚ үздіксіз және сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Осыған байланысты, 2023 жылғы 19 cәуірде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлаймыз, - делінген хабарламада.

«Қазтелерадио» уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға