Жаңалықтар

Елімізде тұрғын үй сатып алушылар саны өсті

Мәмілелердің саны бойынша Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары көш бастап тұр
Елімізде тұрғын үй сатып алушылар саны өсті
Фото: gov.kz 12.09.2022 16:26 1125

2022 жылғы тамызда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша мәмілелер саны 35 686  құрады және 2022 жылдың шілде айымен салыстырғанда 17,4% өсті, деп хабарлайды El.kz Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Мәмілелердің саны бойынша  Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары көш бастап тұр, тиісінше 6 392 және 6 389 шарт. Мәміле саны ең аз болған өңір Ұлытау облысы – 412. Тамыз айындағы ең үлкен төмендеу Шығыс Қазақстан (-37,5%) және Алматы (-25%) облыстарында орын алды, бұл аймақтардың бөлінуіне байланысты болды. Бұл ретте, Қарағанды облысында мәмілелердің саны небәрі  -5,7% құрады, бұл мәмілелер саны бойынша облыстың жетекші позицияда болғанымен түсіндіріледі.

Мәмілелердің 74,3% көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша жасалған, сатылымдағы жеке үйлердің үлесі қалған 25,7% құрады. Жыл басынан бері алғаш рет бір бөлмелі пәтерлер бойынша жасалған шарттар саны екі бөлмелі пәтерлер сұранысынан асып түсті, тамызда 9 789 бір бөлмелі пәтер рәсімделген. Ол бойынша ең көп мәмілелер Нұр-Сұлтан (2 888) және Алматы (2 687) қалаларында жасалған.

2022 жылғы шілде айымен салыстырғанда жеке үйлер бойынша мәмілелер санының төмендеуі ШҚО (-46,6%), Алматы облысы ( -24,6%)  және Ақтөбе облыстарында (2,4%) сақталды. Керісінше, алып-сату шарттарының өсуі Нұр-Сұлтан (+25,3%) және Алматы қалаларында тіркелді.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға