Жаңалықтар

Елімізде су басқан елді мекендерден 412 адам эвакуацияланды

Елімізде су басқан елді мекендерден 412 адам эвакуацияланды
Фото: ҚР ТЖМ / Видеодан алынған кадр 27.03.2024 20:31 668

Ақтөбе, Ақмола, Қостанай облыстарындағы 145 жеке тұрғын үйден, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау облыстарындағы 46 аула аумағынан су сору жұмыстары жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының су басқан елді мекендерінен 412 адам эвакуацияланды, оның ішінде 134 бала. Оның 323-і Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының елді мекендерінің тұрғындары уақытша орналастыру пункттерінде қалады, 80-і Ақтөбе және Қостанай облыстарының тұрғындары туыстарында, 9-ы Түркістан облысының тұрғындары үйлеріне оралды.

ТЖМ және әкімдіктердің күшімен 122 мыңнан астам текше метр еріген су сорылды, 24 мыңнан астам қап және 47 670 тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың, ІІМ, тартылған ұйымдардың күштері мен құралдары: жеке құрамынан 3000-нан астам адам, 1200-ге жуық бірлік техника, 400-ге жуық бірлік су айдау және жүзу құралы, 2 әуе кемесі жұмылдырылды, - делінген мәліметте.

Республикалық және облыстық жедел штабтар, сондай-ақ «Жедел желі» телефондары жұмысын жалғастыруда: ТЖМ 8 717 2 70 41 14, Ақтөбе облысы ТЖД 8 713 2 54 86 57, Батыс Қазақстан облысы ТЖД 8 711 2 55 40 88, Қостанай облысы ТЖД 8 714 2 50 19 60, Ақмола облысы ТЖД 8 716 2 52 55 14. Өткен тәулікте 134 қоңырау түсті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға