Елімізде соңғы төрт жылда суррогат алкоголь өндіретін 123 жасырын цех анықталған
Фото: ҚМА
Фото: ҚМА
01.11.2024 10:25
312
Қаржылық мониторинг агенттігі соңғы төрт жылда (2021-2024 жж.) алкоголь өнімінің заңсыз айналымына байланысты 282 қылмысты тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚМА мәліметінше, суррогат алкоголь өндіретін 123 жасырын цех анықталып, 3,3 млн-нан астам бөтелке, 720 мың литр спирт және құрамында спирті бар сұйықтық, 640 мың жалған ЕБМ тәркіленді.
Нәтижесінде қауіпті өнім тұтынушыларға қауіп төндіріп, бюджетке акциздік алымдардың түспей, адал кәсіпкерлерге зиян келтіріледі. Сондықтан агенттік алкоголь өнімінің көлеңкелі айналымына қарсы тұру мақсатында 2026 жылға жоспарланған таңбалау мен қадағалауды енгізуді жеделдетіп, сондай-ақ бүкіл өндіріс процесін цифрландырмақ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді