Жаңалықтар

Елімізде шошқа саны азайды - статистика

Елімізде шошқа саны азайды - статистика
Фото: Pixabay.com 11.04.2023 20:31 1216

2021 жылмен салыстырғанда тірі салмақта мал мен құстың барлық түрлерін сою немесе сату көлемі 0,2%-ға, сүт өндіру – 1,9%-ға, жұмыртқа – 4,4%-ға өсті, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Жыл ішінде мал мен құс басы келесідей өзгерді (2023 жылғы 1 қаңтарда): жылқы саны – 10,5%-ға, түйе – 6,5%-ға, ірі қара – 4,2%-ға, қой мен ешкі – 4,4%-ға, құстар – 4%-ға өсті, шошқа саны 9,2%-ға азайды.

2022 жылға Бір сауын сиырдың орташа сүт өнімділігі 2021 жылмен салыстырғанда 2,4%-ға, бір жұмыртқалайтын тауықтың орташа жұмыртқа өнімділігі 19,5%-ға өсті, шаруашылықта сойылған немесе союға сатылған бір бас ірі қараның орташа тірі салмағы 2021 жылғы деңгейде қалды.

Айта кету керек, мал шаруашылығы өнімдері, мал мен құс басының саны туралы деректер ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа немесе ферма қожалықтары, жеке кәсіпкерлер, үй шаруашылықтары ұсынған әртүрлі кезеңдік статистикалық байқаулар негізінде, сондай-ақ үй шаруашылықтары деректері бойынша қалыптастырылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға