Елімізде шетелдік инвесторлардың қатысуымен 46 жоба пайдалануға берілді
2022 жылы шетелдік инвесторлардың қатысуымен 46 жаңа жоба пайдалануға берілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Kazakh Іnvest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов аталған жаңа жобалардың жалпы сомасы 4,1 миллиард долларды құрап, 6 мыңнан астам жұмыс орны құрылғанын айтты.
«2022-2023 жылдардағы жасыл трендті атап өту маңызды. Жаңартылатын энергия саласына 350 миллион АҚШ доллары сомасына 7 жоба пайдалануға берілді, - деді Мейіржан Бақытұлы.
Оқи отырыңыз:
- Астанада 15 автобустың жүретін бағыты өзгерді
- Атырауда кәріз коллекторындағы ақаудан бір шағын аудан сусыз қалды
Сонымен қатар басқарма төрағасы «Kazakh Іnvest» компаниясының қолдауымен Қазақстанда бірнеше жоба іске қосылғанын атап өтті.
Соңғы 5 жылда компанияның сүйемелдеуімен енгізілген жобалар санының оң динамикасын байқауға болады. 2017 жылы 9 жоба іске қосылса, 2022 жылы осы көрсеткіш 5 есеге өсті, - деді ол.
Ал 2023 жылы шетелдік инвесторлардың қатысуымен 40-тан астам жобаның енгізілуі күтілуде. Жылдың бірінші жартысында 197 миллион доллардан астам соммаға 9 жоба іске қосылды.
Қазақстанның имиджін ілгерілету мақсатында 2022 жылы елімізде және шетелде 14 маңызды инвестициялық шара өткізілді. Оның ішінде Мемлекет басшысы мен бизнес басшыларының, сондай-ақ іскер топтардың қатысуымен 5 инвестициялық іс-шара АҚШ-та, Францияда, Түркияда және тағы да басқа елдерде өтті, - деді Мейіржан Юсупов.
Бұған дейін Қазақстандағы шетелдік инвестициялар ағыны 28 млрд долларды құрағаны туралы жазғанбыз.