Елімізде Respublica партиясы ресми түрде тіркелді
Бұл туралы партияның басшысы мәлім етті
Фото: facebook.com/aidarbek
Фото: facebook.com/aidarbek
18.01.2023 17:34
1582
Respublica партиясы ресми түрде тіркелді. Бұл туралы партияның басшысы Айдарбек Ходжаназаров Фейсбуктегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Біздің ресми өкіліміз Астана қаласының ХҚО-ларының бірінде Respublica партиясының тіркеу құжаттарын қолына алды. Енді біз еліміздің жаңа, ресми тіркелген саяси күшіміз» деп жазды Айдарбек Ходжаназаров әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, партияның тең төрағалары - Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шукижанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаев.
Бөлісу:
