Елімізде ресми түрде екі партия тіркелді
Фото: qamshy.kz
Фото: qamshy.kz
19.12.2022 12:01
1524
Қазақстанда тағы екі партия ресми тіркелді. Бұл туралы Мәжілістің кулуарында Әділет министрі Қанат Мусин айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Қанат Мусиннің айтуынша, бұл барлық құқыққа ие партия.
Бүгінгі күні «Байтақ» және Respublika партиялары тіркелді. Екі партия. Бұл толық құқыққа ие партиялар. Басқа партиялармен жұмыс жалғасып жатыр. Олар әлі бірінші кезеңнен өткен жоқ. Себептері бір - құжаттары заңнамаға сәйкес келмейді, - деп айтты Қанат Мусин.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Тоқаев Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады