Жаңалықтар

Елімізде «Қызыл қыркүйек» акциясы басталды

Елімізде «Қызыл қыркүйек» акциясы басталды
Фото: © El.kz 02.09.2023 02:36 793

1-30 қыркүйек аралығында Дүниежүзілік сүйек кемігі доноры күніне, Дүниежүзілік созылмалы миелоидты лейкозға қарсы күрес күніне, Дүниежүзілік лейкозға қарсы күрес күніне орайластырылған «Қызыл қыркүйек» акциясының шеңберінде бірқатар іс-шара өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ДСМ мәліметінше, ақпараттық науқанды өткізудің мақсаты - лейкемиямен (қан түзуші жүйенің қатерлі ауруы) ауыратын пациенттердің проблемаларына назар аудару.

Жыл сайын елде 1000-ға жуық адам қан мен қан түзуші ағзалардың қатерлі ісіктерімен, олардың үштен бірі - лейкемиямен ауырады. Қазақстанның гематолог дәрігерлерінің диспансерлік есебінде онкогематологиялық патологиясы бар 10 820 пациент тұр, - дейді министрліктегілер.

Сүйек кемігін трансплантаттау (СКТ) көбінесе мұндай пациенттердің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Гематологтар, трансфузиологтар, хирург және реаниматологтардан тұратын мультидисципланалық топ біздің елімізде сүйек кемігін транспланттау қызметтерінің барлық спектрін орындауға мүмкіндік береді.

ҚР-да СКТ жүргізу кезінде өмір сүру халықаралық стандартқа сәйкес келеді.

Мысалы, егер СКТ-сыз Ходжкин лимфомасы бар пациенттердің өмір сүру деңгейі 30% болса, онда СКТ жүргізу кезінде ол 73%-ға жетеді. Сондай-ақ, көптеген миеломада СКТ жүргізу кезіндегі 66%-ға қарсы СКТ-сыз өмір сүрушілік 17%-ды құрайды. СКТ-сыз жітң миелобластикалық лейкемияда пациенттердің тек 10%-ы, ТКМ-мен -52% ғана тірі қалады.

Қазақстанда «Қызыл қыркүйек» акциясы екінші рет өткізілуде. Акция ның шеңберіндн халықтың қан аурулары туралы хабардарлығын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар жоспарланған, оның ішінде 9 қыркүйек, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін ҰҒОО консультациялық-диагностикалық орталығында қан және қан түзуші жүйенің аурулары бойынша Ашық есік күні өтеді, онда елорда тұрғындары мен қонақтары жоғары білікті мамандардан - онкогематолог дәрігерлерден тегін консультация ала алады, - делінген мәліметте.

Консультацияға 18 жастан асқан ҚР азаматтары шақырылады. Қабылдау күні сізбен бірге жеке куәлік, медициналық қорытындылар және бұрын алынған зерттеу нәтижелері болуы керек.

Алдын ала жазылу үшін Call-center бірыңғай телефон нөміріне қоңырау шалу қажет: 8 (7172) 702 - 911, 702 - 900, жұмыс күндері сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін, сенбі және жексенбі-демалыс күндері.

Ал мекенжай: Астана қ., Керей және Жәнібек хан к-сі, 3.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға