Елімізде қылмыс деңгейі 15,2%-ға төмендеген

Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
14.09.2023 10:28
667
Қазақстанда қылмыс деңгейі 15,2%-ға төмендеген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бас прокуратура дерегінше, былтырғы жылмен салыстырғанда қылмыс саны 116 101-ден 98 454-ке дейін азайған. Оның ішінде :
- 4,1%-ға (1 693 - 1 624) – аса ауыр қылмыстар;
- 16,5%- ға (31 128 - 25 990) – ауыр қылмыстар;
- 17,9%-ға (49 762 - 40 857) – ауырлығы орташа қылмыстар;
- 9,8%-ға (17 514 - 15 793) – онша ауыр емес қылмыстар.
Тергеуді қадағалау шеңберінде прокурорлар 57 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалауды тоқтатты. Сондай-ақ прокурорлар 671 адамды қызметтік үй-жайлар мен изоляторлардан босатты. Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу саны 14%-ға қысқарды, 9 тұлға прокурорлар актісімен ақталды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да лауазымды қызметкерлер үлескерлерден заңсыз ақша жинаған
Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды