Жаңалықтар

Елімізде қосымша білім беру гранттары тағайындалды

Елімізде қосымша білім беру гранттары тағайындалды
Фото: ©El.kz/Арман Мухатов 28.08.2024 10:29 379

Ғылым және жоғары білім министрлігі қосымша білім беру гранттарын тағайындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, білім беру гранттары белгіленген тәртіппен, конкурс негізінде, ең жоғары ҰБТ баллдарына ие болған үміткерлерге білім беру бағдарламаларының тиісті топтарына сәйкес белгіленді.

Барлық грант иегерлері жоғары оқу орындарына қабылдану үшін барулары қажет. Тізімімен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Ұлттық тестілеу орталығының Telegram арналарында танысуға болады, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға