Жаңалықтар

Елімізде "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасы әзірленді

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлім етті
Елімізде "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасы әзірленді
Фото: delfee.com 01.02.2023 20:06 2301

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Қолжетімді Интернет" атты байланыс саласындағы пилоттық жоба әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елімізде "Қолжетімді интернет" пилоттық ұлттық жобасы әзірленді"Қолжетімді Интернет" байланыс саласындағы пилоттық ұлттық жобаның мақсаты - халық пен бизнесті Интернет желісіне жоғары жылдамдықты (≥100 Мбит/с) қолжетімділікпен қамтамасыз ету.

Жобаны 2023-2027 жылдар аралығында іске асыру жоспарланған.

Жобада бірнеше міндет көзделген:

  • Сымды байланыс инфрақұрылымын дамыту
  • Сымсыз байланыс инфрақұрылымын дамыту
  • Сапаны бақылау және қауіпсіздік
  • Транзиттік әлеуетті ұлғайту және өңірлік хаб құру
  • Мемлекеттік қолдау шаралары

Ұлттық жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен және бюджеттен тыс қаражаттан 2023-2027 жылдар кезеңінде 1 114 726 105 мың теңге бөлу көзделген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға