Жаңалықтар

Елімізде қаймақ бағасы күрт қымбаттады

Елімізде қаймақ бағасы күрт қымбаттады
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 17.08.2023 10:53 802

Шілде айында Қазақстан бойынша қаймақтың орташа бағасы келісіне 1912 теңгені құрады. Өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда сүт өнімі 22,4% қымбаттаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәліметке сәйкес, қаймақ Алматы қаласының тұрғындарына қымбатқа түседі, онда бұл өнімнің орташа бағасы 2350 тг мөлшерінде. Бұл өнімнің қымбаттығы бойынша екінші орында Атырау – 2079 тг. Одан әрі Өскемен – 2068 тг. Ақтөбе мен Қызылордада қаймақтың бір келісі үшін орта есеппен 2058 теңге жұмсау керек. Ең арзан қаймақ Көкшетау қаласында – 1270 тг.

2023 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 21 мың тонна қаймақ өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3 мың тоннаға артық.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға