Елімізде қанша әйел адам өлтіргені үшін сотталған

Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
20.05.2024 11:54
824
Құқықтық статистиканың 2024 жылғы наурыздағы мәліметі бойынша, қылмыс жасап, сотталғандардың жалпы саны - 7020 адам. Олардың ішінде әйелдер саны - 809, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
99-бап бойынша айыпталған әйелдер саны – 7.
- Аффект жағдайында жасалған адам өлтiру бабы бойынша 1 әйел;
- Өзін қорғап жатқан кезде адам өлтіргені үшін 2 әйел;
- Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған адам өлтіру бабы бойынша 2 әйел;
- Абайсызда қазаға ұшырату бабы бойынша 1 әйел;
- Қорлау бабы бойынша 37 әйел істі болған.
99-бап бойынша айыпталған ер адамдар саны - 112. Бұл осы бап бойынша сотталған әйелдер санынан 16 есе көп.
Құқықтық статистиканың 2023 жылғы наурыздағы мәліметі бойынша, қылмыс жасап, сотталғандардың жалпы саны - 7522 адам. Олардың ішінде әйелдер саны - 843. 99-бап бойынша айыпталған әйелдер саны - 10.
- Өзін қорғап жатқан кезде адам өлтіргені үшін 2 әйел;
- Абайсызда қазаға ұшырату бабы бойынша 1 әйел;
- Қорлау бабы бойынша 30 әйел істі болған.
99-бап бойынша айыпталған ер адамдар саны - 124. Бұл осы бап бойынша сотталған әйелдер санынан 12 есе көп.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Талдықорғанда қазақ күресінен «Мектеп барысы» анықталды
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды