Елімізде пойыз билеті наурыз айынан бастап қымбаттайды
![Елімізде пойыз билеті наурыз айынан бастап қымбаттайды Елімізде пойыз билеті наурыз айынан бастап қымбаттайды](/storage/storage/element/2025/02/07/mainphoto/141584/1200xauto_FFPjMERyyABY6O24M08hR9gSzMnesireSKMBmvRl.jpg)
1 наурыздан бастап пойыз билетінің құны 7 пайызға өседі. Бұл туралы Rail-news.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, жол ақысының көтерілуі «Қазақстан Республикасындағы теміржол көлігі туралы» ҚР Заңының 12-тарауы, 94-бабының 2-тармағына сәйкес іске асырылмақ.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2025 жылғы 1 наурыздан бастап әлеуметтік маңызы бар облысаралық маршруттар мен кейбір қала маңы пойыздарына жол жүру тарифінің шекті деңгейінің өзгеретінін хабарлайды. Бұл өзгеріс жоспарлы индекстеу аясында, жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын ұзақ мерзімді субсидиялау шарттарына сәйкес 7% мөлшерінде жүргізіледі, - делінген хабарламада.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)