Елімізде орташа зейнетақы мөлшері қандай

Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
19.04.2024 17:22
674
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 595 теңге болды. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 901 теңге, базалық зейнетақы – 42 694 теңге.
Жыл басынан бастап республикалық бюджеттен 926,5 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 291,4 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 635,1 миллиард теңге қарастырылғаны айтылды.
2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллиан 364 мың адам.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қытайдағы App Store-дан WhatsApp пен Telegram өшірілді