Елімізде несиесі кешірілетін азаматтар санатының тізімі толығуы мүмкін
Фото: El.kz
Фото: El.kz
20.06.2024 09:08
1515
Қазақстанда несиесі кешірілетін азаматтар санатының тізімі толығуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ашық НҚА порталында тиісті құжатты қоғамдық талқылауға шығарды.
Сонымен, төлемді кейінге қалдыру немесе қарызды кешіру туралы кім өтініш бере алады?
- АИТВ-инфекциясы салдарынан екі айдан астам мүгедек болып қалғандар, III топтағы мүгедектер, туберкулезбен ауыратын науқастар;
- жақын туыстары ауырып немесе қайтыс болған қарыз алушылар;
- апаттардан, өрттерден, су тасқынынан зардап шеккендер,
- ресми тіркелген жұмыссыздар, олардың орташа айлық табысы 30% төмендеді;
- халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызылған немесе отбасында осындай мәртебесі бар мүшесі бар жұмыссыздар.
Құжат 1 шілдеге дейін талқыланады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Өзгенің банк картасын пайдаланған алаяқ ұсталды