Жаңалықтар

Елімізде несие пайызы төмендеді

Елімізде несие пайызы төмендеді
Фото: El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 27.06.2024 01:24 7070

Жеке тұлғалар мен жеке кәсіп иелерінің теңгемен алған несиесі бойынша орташа өлшемді мөлшерлеме 20,4% құрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық банктің мәліметінше, жеке тұлғалардың банктегі несиесі бойынша ставкалар төмендеген. Алайда екінші ай қатарынан заңды тұлғаларға арналған несиелер пайызы өсімді көрсеткен.

Мамыр айында жеке тұлғалар мен жеке кәсіп иелерінің теңгемен алатын несиесі бойынша орташа өлшенген мөлшерлеме 20,4% құрап, бір айда 0,4 п. п. жоғалтты. Әртүрлі мерзімді қарыздардың ішінде сегменттегі ең төменгі деңгей 3 айдан бір жылға дейін (19,6%), ал несиелердегі ең жоғары деңгей 1 айға дейін (34,7%), - делінген хабарламада.

Жеке тұлғалар мен жеке кәсіп иелері үшін теңгедегі депозиттер бойынша орташа өлшенген мөлшерлеме аздап төмендеп, сәуір деңгейіне 13,6% дейін азайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда несиелерді онлайн-өтінімдерді қарау мерзімін ұзарту жоспарланып отыр. Қабылданған шаралар халықтың несиеге батуын айтарлықтай төмендетуге және банктердің техникалық қауіпсіздігін нығайтуға көмектеседі деп күтіледі. Мысал ретінде Беларусьтың тәжірибесі келтірілген, онда былтыр алаяқтық деңгейі 77% төмендеген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға