Елімізде намаз уақыты өзгерді

Фото: ©El.kz/Ғазиз ШАКИРОВ
Фото: ©El.kz/Ғазиз ШАКИРОВ
27.02.2024 17:27
1860
ҚМДБ намаз уақытының өзгеруіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа жылжытады. Осылайша, еліміздің барлық аймағы 5-сағаттық белдеуде орналасады.
ҚМДБ Қазақстан бойынша UTC (Дүниежүзілік үйлестірілген уақыт) +5 уақытына ауысқан сәтте намаз уақыты да автоматты түрде өзгеретінін алға тартты.
Сурет: muftyat.kz
Бөлісу:
