Елімізде мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті
Фото: mail.kz
Фото: mail.kz
26.11.2022 09:31
897
Өткен тәулікте елімізде 131 адамнан коронавирус анықталып, 5 адам жазылып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
26 қарашадағы мәлімет бойынша, 908 адам коронавирус инфекциясынан (–763+ және 145 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 131 пациент стационарда, 777 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 6 адамның жағдайы ауыр,
• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бөлісу:
