Жаңалықтар

Елімізде мемлекеттік қызметтердің 92%-ына қашықтан қол жеткізуге болады

Елімізде мемлекеттік қызметтердің 92%-ына қашықтан қол жеткізуге болады
Фото: t.me/KZgovernment 01.04.2025 10:18 267

2024 жылы Қазақстанда 340 млн астам мемлекеттік қызмет онлайн-форматта көрсетілді. Бұл туралы Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, бүгінде мемлекеттік қызметтердің 92%-ын қашықтан алуға болады. Сонымен қатар статистика көрсеткендей, азаматтар көбінесе оған смартфондар арқылы – 90% жүгінеді.

Мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуді монополиясыздандыру шеңберінде негізгі сервистер танымал финтех-платформаларға интеграцияланды, бұл халықты цифрлық қызметтермен қамтуды едәуір арттырды.

Бұған қоса, қазақстандықтар QR-қолтаңба мен биометрияны сенімді қолдана бастады. Цифрлық құжаттар қызметі ерекше танымал болуда, бір жыл ішінде азаматтар оны 292 млн рет қолданды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға