Елімізде мектептегі оқу жылы 2 аптаға ұзарды
Ал жазғы демалыс 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін болады
Фото: diapazon.kz
Фото: diapazon.kz
15.08.2022 16:59
1518
Еліміздің Оқу-ағарту министрлігі орта мектептерде оқу жылын 2 аптаға ұзарту туралы шешімін бекітті, деп хабарлайды El.kz
«Оқу-ағарту министрлігінің аппарат жиналысында жаңа оқу жылының ұзақтығы бірінші сынып оқушылары үшін - 35 оқу аптасын, 2-11 сыныптар үшін 36 оқу аптасын құрайтындығы жарияланды», делінген ведомство ақпаратында.
Сонымен оқу жылы ішіндегі демалыс мынадай болады:
- күзгі демалыс – 7 күн (2022 жылдың 31 қазаны мен 6 қараша аралығы);
- қысқы демалыс – 9 күн (2022 жылдың 31 желтоқсаны мен 2023 жылдың 8 қаңтары аралығы);
- көктемгі демалыс – 9 күн (2023 жылдың 18-26 наурызы аралығы).
1 сыныптарда 7 күн қосымша демалыс қарастырылған (2023 жылдың 6-12 ақпаны аралығы). Ал жазғы демалыс 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін болады.
Оқу-ағарту министрінің бұйрығы тіркелу үшін Әділет министрлігіне жолданды.
Автор: Сауле Сарбасова
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Докторантураға түсу емтихандары басталды
Келесі жаңалық
FlyAryatan бортында жолаушының рюкзагы өртенді