Елімізде күн күрт суытады

Алдағы күндері батыста, солтүстікте, Қазақстанның таулы аудандарының оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, таулы аудандарда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
11 сәуірде елдің батысында, солтүстік-батысында, 12 сәуірде түнде Қостанай облысында қатты жаңбыр жауады. Елдің шығысында ғана жоғары қысым өрісінің әсерінен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжануда. Батыс аймақтарда жел күшейеді деп күтілуде, ал республиканың көп бөлігінде тұман болады.
Түнде температура фоны:
Елдің батысында 2-7-ден 0-5-ке дейін, батыс аймағының солтүстігінде 3 градус аязға дейін төмендейді.
Солтүстік-батыста температураның 3-8 жылудан 2 аяз-3 жылуға дейін төмендеуі.
Солтүстікте, орталықта 2-7-ден 7-12-ге дейін жылу көтеріледі.
Шығыста 3- 5 аяздан 3-8 жылуға дейін көтеріледі.
Оңтүстік-шығыста 5-10 жылудан 7-12-ге дейін жылу көтеріледі деп күтілуде.
Оңтүстікте 10-15-тен 15-20-ға дейін жылу көтеріледі.
